Жоба: BR24992785 ИРН «Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінің орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша кешенді зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу технологиялық орталығын құру».
Байланыс мәліметтері: +7(705)841-73-13, +7(775)819-03-43 – техникалық сипаттамалары бойынша; 8 (7142) 51-11-05 – сатып алу рәсімі бойынша.
Коммерциялық ұсыныстарды 2026 жылғы 28 қыркүйек сағат 10.00-ге дейін zakup@ksu.edu.kz электрондық поштаға немесе қолма-қол мекенжайына: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі.47, каб.314 (бас корпус) жіберуді сұраймыз. Коммерциялық (баға) ұсыныстарда қосымша ЭҚЖЖ, деректемелер мен байланыс телефондары және электрондық пошта көрсетіледі.
Сатып тауарларды техникалық сипаттамасы
|
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
саны |
Жоспарланған бағасы, теңге |
Жоспарланған құны, теңге |
|
1. |
Биореакторды (ферментация) басқару блогы IKA HABITAT ferment (Германия): газ беру, сұйықтықтарды мөлшерлеу, көппараметрлі датчиктерді қосу және температураны реттеуге арналған қосылымдары бар басқару мұнарасы; бағдарламалық қамтамасыз етуі бар 10,4" планшеттен басқару; периодтық, қоректендірілетін және үздіксіз/перфузиялық режимдер; датчиктерді калибрлеу, деректерді нақты уақыт режимінде визуализациялау, процесті құжаттандыру. Жиынтық: HABITAT ferment S099, бағдарламалық қамтамасыз етуі бар планшет. |
дана |
1 |
8 134 200 |
8 134 200 |
|
2. |
Фотобиореакторды (ферментация) басқару блогы IKA HABITAT photo ferment cct (Германия): фотосинтездеуші микроорганизмдерді культивациялауға арналған екі жарықдиодты панелі бар басқару мұнарасы; газ беру, сұйықтықтарды мөлшерлеу, датчиктерді қосу және температураны реттеуге арналған қосылымдар; CO₂, өткізгіштік және лайлылық датчиктерін қосу мүмкіндігі; бағдарламалық қамтамасыз етуі бар 10,4" планшеттен басқару. Жиынтық: HABITAT photo ferment cct S099, бағдарламалық қамтамасыз етуі бар планшет, жарықдиодты панель – 2 дана. |
дана |
1 |
10 907 400 |
10 907 400 |
|
3. |
Ферментациялық ыдыс IKA HABITAT ferment dw 10 (Германия): қос қабырғалы (термостаттаушы жейдесі бар) 10 л шыны ыдыс, жиынтықта: тұғыр, HA.mt.s.10 араластырғыш жетегі, 6 қалақты Rushton турбиналық араластырғыштар – 2 дана, шағылдырғыш қалқа, сақиналы барботер, иілгіш конденсатор, инокуляцияға арналған порт, сынама алуға арналған түтік, температура, pH (Hamilton), ерітілген оттегі (Hamilton), көбік және деңгей датчиктері, қос қабырғалы ыдыстарға арналған кабельдер мен түтіктер жиынтығы, 250 мл сынамаға арналған колбалар – 4 дана. |
дана |
1 |
17 043 750 |
17 043 750 |
|
|
Барлығы |
|
|
|
36 085 350 |
Жабдықты жеткізу мерзімі: 30 күн
Кепілдік мерзімі – 12 ай
Жабдықты орнату, баптау, сондай-ақ персоналды оқыту және нұсқау беру (оқыту сертификатын және хаттаманы бере отырып) құнына кіреді.