Skip to content

ҒЫЛЫМИ ЭКОСИСТЕМА

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Жол картасы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғылыми қызмет жүйесін және жарияланымдық белсенділікті дамыту жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған жол картасы

Мақсаты: Университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін қолдаудың тұрақты әрі ашық жүйесін қалыптастыру, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың жарияланымдық және патенттік белсенділігінің өсуін, халықаралық деңгейде танылуын, ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін және тиімді ынталандыру тетіктерін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

Қызметкерлер мен білім алушылардың жарияланымдық және патенттік белсенділігін есепке алу жүйесін қалыптастыру, оны халықаралық дерекқорлармен және Университеттің ішкі ақпараттық платформаларымен интеграциялау.
Университеттің ішкі нормативтік құжаттары шеңберінде ғылыми қызмет көрсеткіштері мен ынталандыру тетіктерін нормативтік және ұйымдастырушылық тұрғыдан бекітуді қамтамасыз ету.
Зияткерлік меншікті қорғау және лицензиялау мәселелері бойынша консалтингтік функцияларды қоса алғанда, ғылыми және инновациялық қызметті қолдауға арналған құрылымдық бөлімшелер мен сервистерді құру.
Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға жарияланымдық сауаттылық, патенттік қызмет және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мәселелері бойынша әдістемелік, консультациялық және білім беру қолдауын қамтамасыз ету.
Ғылыми белсенділікті, жарияланымдық және патенттік қызметті ынталандыру тетіктерін іске асыру тиімділігін мониторингтеу және талдау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ қолдау құралдарын кейіннен түзету.
Университет пен оның қызметкерлерінің халықаралық ғылыми жобаларға, жарияланымдарға, бірлескен зерттеу бастамаларына және халықаралық репозиторийлерге қатысуын қамтамасыз ету.