«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығымен бекітілген, бюджеттік қаражат есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сатып алу қағидаларының «Климаттық өзгерістер жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыру үшін болжамды модельдерді пайдалана отырып, бейімделу стратегияларын әзірлеу және ғылыми негіздеу» АР25794477 ғылыми жобасың іске асыру аясында, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті бағдарламалық жасақтаманы сатып алуға конкурс жариялайды.
Байланыс мәліметтері: +7 (705) 305-61-21 - техникалық сипаттамалары бойынша; 8 (7142) 51-11-05 – сатып алу рәсімі бойынша.
Коммерциялық ұсыныстарды 2025 жылғы 23 желтоқсан сағат 17.00-ге дейін zakup@ksu.edu.kz электрондық поштаға немесе мекенжайына: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі.47, каб.314 (бас корпус) жіберуді сұраймыз. Коммерциялық (баға) ұсыныстарда қосымша ЭҚЖЖ, деректемелер мен байланыс телефондары және электрондық пошта көрсетіледі.
Сатып алынатын тауарларды техникалық сипаттамалары:
|
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Жоспарланған бағасы, теңге |
Жоспарланған құны, теңге |
|
1. |
"СтатСофт" ЭЕМ-ге арналған бағдарлама-сапаны бақылау мен өндірісті оңтайландыруды қоса алғанда, деректерді зияткерлік талдаудың және практикалық міндеттерді шешудің бағдарламалық қамтамасыз етуі; деректерді басқару, импорт/ экспорт, графикалық ұсыну модульдерін, әртүрлі аналитикалық әдістерді қамтиды. |
дана |
1 |
981 000 |
981 000 |
|
Барлығы |
981 000 |