«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай облыстық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығының қағидаларының 7-тармағына сәйкес BR24992785"ғылыми-зерттеу технологиялық орталығын құра отырып, Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінің орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша кешенді зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу" ғылыми жобаны жүзеге асыру шеңберінде, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған қызметтер сатып алуға конкурс жариялайды.
Байланыс мәліметтері: 87013199228; 87772508780, almabek@list.ru
Коммерциялық ұсыныстарды 2025 жылғы 30 сәуір сағат 17.00-ге дейін zakup@ksu.edu.kz электрондық поштаға немесе қолма-қол мекенжайына: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі.47, каб.314 (бас корпус) жіберуді сұраймыз.
Сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттамалары:
"Топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ұсынымдарға сәйкес сапа мен токсикологияның жекелеген көрсеткіштеріне қатысты ауыл шаруашылығы және жалпы мақсаттағы топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/147 бұйрығы. Топырақ үлгілеріндегі ауыр металдардың жылжымалы нысандарының және басқа да сапа көрсеткіштерінің құрамын бақылауды өлшеулерді орындаудың бекітілген әдістемелеріне сәйкес орындауға болады. Сынамалардың жалпы көлемі-1 512-ден кем емес. Орындаушы Қостанай өңірі шеңберінде топырақ сынамаларын іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді, сапа және токсикология көрсеткіштеріне зертханалық бақылауды жүзеге асырады, картаға түсіру жұмыстарын жүргізеді. Сынамаларды іріктеу 2025 жылғы мамыр-маусым аралығында жүргізіледі. Орындаушы жер учаскелерінің иелерімен олардың аумағында сынамаларды іріктеу мақсатында өзара іс-қимылды жүзеге асырады.