«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығымен бекітілген, бюджеттік қаражат есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сатып алу қағидаларының 7-тармағына сәйкес, 2024–2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын BR24992785 ИРН ғылыми жобасын («Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінің орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша кешенді зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу технологиялық орталығын құру») іске асыру аясында, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін реагенттер сатып алуға конкурс жариялайды.
Байланыс мәліметтері: +7 705 723 31 11 - техникалық сипаттамалары бойынша; 8 7142 51 11 05 – сатып алу рәсімі бойынша.
Коммерциялық ұсыныстарды 2025 жылғы 18 шілде сағат 10.00-ге дейін zakup@ksu.edu.kz электрондық поштаға немесе мекенжайына: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі.47, каб.314 (бас корпус) жіберуді сұраймыз.
Сатып алынатын тауарды техникалық сипаттамалары:
№ |
Атауы |
Өндіруші коды |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1. |
Диметилформамид-N,N хч (p=1,0), фас.1кг ДМФ |
|
кг |
1 |
2. |
Каталог бойынша реактив Sigma- Aldrich |
|
орау |
1 |
3. |
HPLC үшін этилацетат, 99,7-нан астам, (р=0.902, орау2.5 л) сірке қышқылының этил эфирі |
34858-2,5L |
орау |
1 |