Skip to content

ҒЫЛЫМИ ЭКОСИСТЕМА

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Артқа
Хабарландыру №00244 (BR24992839) Жариялау процесін кешенді сүйемелдеу
Басталуы: 27.02.2026
Аяқталуы: 04.03.2026
Мәртебесі: Аяқталған

Жоба: BR24992839«Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жерлері мен өнімдеріне экотоксиканттар мен инновациялық агротехнологиялардың әсерін зерттеу».

Байланыс мәліметтері:+7 701 319 9228– техникалықсипаттамалары бойынша; 8 (7142) 51-11-05 – сатып алу рәсімі бойынша.

Коммерциялық ұсыныстарды 2026 жылғы 04 наурыз сағат 17.00-ге дейін zakup@ksu.edu.kz электрондық поштаға немесе қолма-қол мекенжайына: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі.47, каб.314 (бас корпус) жіберуді сұраймыз. Коммерциялық (баға) ұсыныстарда қосымша ЭҚЖЖ, деректемелер мен байланыс телефондары және электрондық пошта көрсетіледі.

Сатып қызметтердітехникалық сипаттамасы

Мақаланы орналастыруды ұйымдастыру бойынша ақпараттық қызмет көрсету: «Dynamics of mobile phosphorus and potassium in the soils of agricultural lands of Kostanay region»мақала, Scopus дәйексөздер базасында индекстелген журналдағы, процентилі 50-ден төмен емес(Базадағы мақалаларды индекстеу: articles. Индекстеу конференциялар жинағы емес, мақалалар (articles) ретінде).

Қызмет көлемі: бір мақала

Қызмет көрсету мерзімі: 31.08.2026 ж. дейін

Қызмет құнына мыналар кіреді:

1) мақаланы жариялауға дайындау жөніндегі қызметтер

  •  журналды таңдау және оны автормен келісу
  • таңдалған басылымның талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мақаланы алдын ала бағалау, әдебиет көздеріне сілтемелерді нақтылау

2) журналға мақала беру жөніндегі қызметтер

  • мақала мәтінін ағылшын тіліне аудару
  • авторларға кеңес беру
  • мақаланың мәтіні мен әдебиет көздерін нақты журналдың талаптарына сай ресімдеу
  • ілеспе құжаттарды және жеке кабинетті дайындау (егер журнал редакциясы талап етсе)
  • редакцияға мақала беру
  • рецензиялау қорытындысы бойынша ескертулер алу және оларды авторларға түзетуге жіберу
  • оларды ағылшын тіліне аудару (бос орындары бар 1000 таңбадан артық емес) және мақаланың түзетілген нұсқасын редакторға беру
  • журналда жариялау үшін жаңа Пікірлер алу/мақаланы алдын-ала мақұлдау

3) журналда мақаланың жариялануын бақылау жөніндегі қызметтер

  • журнал редакциясымен өзара іс-қимыл (қосымша ескертулер болуы мүмкін)
  • журнал баспасына авторлық жарналарды төлеу
  • журналдың сайтында жарияланған мақалаға сілтеме және сілтеме беру.

Болжалды құны: 1 800 000 теңге.