Жоба: BR24992785 ИРН «Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінің орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша кешенді зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу технологиялық орталығын құру».
Байланыс мәліметтері: +7(775) 524-99-79 - техникалық сипаттамалары бойынша; 8 (7142) 51-11-05 – сатып алу рәсімі бойынша.
Коммерциялық ұсыныстарды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 13.00-ге дейін zakup@ksu.edu.kz электрондық поштаға немесе қолма-қол мекенжайына: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі.47, каб.314 (бас корпус) жіберуді сұраймыз. Коммерциялық (баға) ұсыныстарда қосымша ЭҚЖЖ, деректемелер мен байланыс телефондары және электрондық пошта көрсетіледі.
Сатып қызметтерді техникалық сипаттамасы
|
№ |
Атауы, сипаттамасы |
өлшем бірлігі |
саны |
Жоспарланған бағасы, теңге |
Жоспарланған құны, теңге |
|
1 |
Прецизиондық жабдықты орнату үшін қолданыстағы еден деңгейімен бірдей деңгейде орындалатын, М600 (В45) маркалы бетоннан жасалған, тереңдігі 600 мм арнайы монолитті темірбетон плитасын (құм-қиыршықтас негізімен, арматурасымен, деформациялық тігісімен және эпоксидті әрлеу жабындысымен) орнату |
қызмет |
1 |
1 120 000 |
1 120 000 |
|
|
Итого |
|
|
|
1 120 000 |
- Жұмыстардың реттілігі және техникалық талаптар
1.1. Қуысты (ниша) дайындау:
- Қолданыстағы бетон плитасында таза еден деңгейінен 60 см жалпы тереңдікте ойық (ниша) орындау.
- Қуыстың түбі тегіс және таза болуын қамтамасыз ету.
1.2. Төсеніш қабатын және арматуралауды орнату:
- Қабаттап төсеу және мұқият тығыздау:
- Бірінші қабат – құм.
- Екінші қабат – қиыршық тас немесе шағал.
- Арматуралық қаңқаны орнату.
- Міндетті шарт: Арматуралық қаңқа қуыстың түбінен (негізгі плитадан) кемінде 1 см саңылаумен орнатылуы тиіс. Қаңқаның негізгі плитамен тікелей жанасуына жол берілмейді.
1.3. Бетондау:
- М600 (В45) маркалы бетон қоспасын құю.
- Негізгі талап: Жаңа плитаның алдыңғы беті толық беріктікке жеткеннен және әрлеу өңдеуінен кейін қолданыстағы бетон плитасының (таза еденнің) бетімен қатаң түрде бір деңгейде болуы тиіс. Деңгей бойынша ауытқулар жоғары дәлдікті жабдықты монтаждау нормаларына сәйкес болуы қажет.
1.4. Тігістерді герметизациялау:
Жаңа плитаның ескі плитамен түйісетін периметрі бойынша деформациялық тігіс монтаж көбігімен немесе полиуретанды герметикпен толтырылуы тиіс. Полимерленгеннен кейін артық материал мұқият кесіліп, еден бетімен бір деңгейге дейін тегістелуі қажет.
1.5. Әрлеу жабыны (ұсынылатын опция):
Жаңа плитаның бетіне шаң шығармайтын, химиялық әсерге төзімді және тозуға берік бетті қалыптастыру үшін эпоксидті шайырлар негізіндегі жабын жағу ұсынылады.
1.6. Жасырын элементтерді таңбалау:
Міндетті талап: Құрылымда қарастырылған технологиялық қуыстардың немесе бос кеңістіктердің орналасқан орындары дайын еден бетінде өшірілмейтін тәсілмен нақты белгіленуі тиіс. Таңбалау микроскоп тіректерін дәл орналастыру және оларды қуыстардың үстіне орнатуға жол бермеу үшін қажет.
- Жұмыстарды қабылдау
Қабылдау осы техникалық тапсырманың барлық тармақтарына толық сәйкестік бойынша жүзеге асырылады, деңгейлердің сақталуына, демпферлік саңылаудың болуына және таңбалаудың орындалуына ерекше назар аударылады.
Құрылымның «пирогы» қимада, төменнен жоғары қарай:
ҚАБАТТАРҒА ТҮСІНДІРМЕ (төменнен жоғары қарай):
0-қабат: Бастапқы жағдайлар
- Негізгі бетон плита. Онда тереңдігі 60 см болатын ойық (ниша) кесілген.
1-қабат: Құмды дайындық (~5 см)
- Мақсаты: Қуыстың түбін тегістеу және жүктемені біркелкі тарату.
- Материал: Ірі немесе орташа түйіршікті құм.
- Технология: Қабаттап төсеу және виброплитамен тығыздау.
2-қабат: Қиыршық тасты дайындық (~10 см)
- Мақсаты: Дренаждық қабат құру, көтергіш қабілетті арттыру, бетон астындағы негізді соңғы рет тегістеу.
- Материал: Фракциясы 20–40 мм қиыршық тас немесе шағал.
- Технология: Төсеу және мұқият тығыздау.
3-қабат: Көтергіш темірбетон плита (~40–45 см, есептік биіктік)
- Бұл – негізгі конструктивтік элемент.
- Арматуралық қаңқа: Болат арматурадан (мысалы, А400С, диаметрі 12–14 мм) дайындалады, 150x150 немесе 200x200 мм ұяшықпен тор түрінде байланады. Өте маңызды: Қаңқа бетонның төменгі қорғаныш қабатын қамтамасыз ету үшін пластик фиксатормен («орындықтар») қиыршық тас қабатынан кемінде 1 см биіктікте көтерілуі тиіс. Ол қиыршық тастың үстінде жатпауы және, әсіресе, қуыстың түбімен жанаспауға тиіс.
- Бетон: М600 (В45 класы). Біртұтас монолит ретінде құйылады, қуыстарды жою үшін міндетті түрде вибрацияланады.
- Деңгейі: Құйғаннан кейін жоғарғы беті қоршаған негізгі плитамен қатаң түрде бір жазықтыққа келтіріледі.
4-қабат: Деформациялық тігіс (периметр бойынша)
- Мақсаты: Жаңа плитаны ескі плитадан тәуелсіз шөгуін қамтамасыз ету және жарықтардың пайда болуын болдырмау үшін бөлу.
- Материал: Монтаж көбігі немесе серпімді полиуретанды герметик.
- Технология: Бетон құйылып, ұстасқаннан кейін контур бойымен пайда болған саңылау (~1 см) герметикпен толтырылады. Полимерленгеннен кейін артық бөлігі кесіліп, тегістеледі.
5-қабат: Әрлеу жабыны (2–5 мм)
- Ұсынылады: Екі компонентті эпоксидті құймалы еден.
- Мақсаты: Беріктікті арттыру, шаңсыздық, химиялық төзімділік, жұмысқа арналған мінсіз тегіс бет қалыптастыру.
- Таңбалау: Жабын жағылғаннан кейін, ішкі қуыстардың дәл үстіне (егер жоба бойынша қарастырылса) өшірілмейтін контрастты таңбалау жасалады (мысалы, эпоксид қабатына енгізілген пластик желім таспадан жасалған шеңбер немесе крест).
Қорытынды жалпы тереңдік: ~5 см (құм) + ~10 см (қиыршық тас) + ~45 см (бетон) = 60 см.
Жұмыс 12 күнтізбелік күн ішінде орындалуы тиіс.