«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығымен бекітілген, бюджеттік қаражат есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сатып алу қағидаларының 7-тармағына сәйкес BR24992785 ИРН «Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінің орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша кешенді зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу технологиялық орталығын құру» ғылыми жобасын, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қызметтерді сатып алуға конкурс жариялайды.
Байланыс мәліметтері: +7 705 723 31 11 - техникалық сипаттамалары бойынша; 8 7142 51 11 05 – сатып алу рәсімі бойынша.
Коммерциялық ұсыныстарды 2025 жылғы 02 қазан сағат 15.00-ге дейін zakup@ksu.edu.kz электрондық поштаға немесе мекенжайына: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі.47, каб.314 (бас корпус) жіберуді сұраймыз.
Сатып алынатын қызметтерді техникалық сипаттамалары:
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Жоспарланған бағасы, теңге |
1 |
Иондаушы сәуле шығаратын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге лицензия алу үшін «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» РММ-ге құжаттарды ресімдеу және беру |
қызмет |
1 |
450 000 |