Skip to content

ҒЫЛЫМИ ЭКОСИСТЕМА

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Ғылым және коммерцияландыру басқармасы туралы

Мемлекеттің стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету қағидаттарына, ғылыми мектептер мен ғылыми ұйымдардың тұрақты дамуына, қаржыландырудың Байқау және байқаудан тыс әдістерінің үйлесіміне, байқау рәсімдердің барлық кезеңдерінде қаржыландыруды бөлудің толық ашықтығына негізделген ғылымды қаржыландырудың жаңа тәсілдері мүмкіндіктер терезесін жасайды.

Ғылым және коммерцияландыру басқармасының негізгі мақсаты  – ПОҚ-ның, қызметкерлердің, докторанттардың, магистранттар мен студенттердің ҒЗЖ үйлестіру негізінде ғылым, білім және өндіріс байланысын қамтамасыз ету; мемлекеттік бюджеттен, жеке меншік ұйымдарынан (МЖС) ЖОО-ның зерттеу ресурстық әлеуетін (кадрлар, МТБ, ақпарат) дамыту үшін инвестициялар тартуды қамтамасыз ету, сондай-ақ ПОҚ-ның және  барлық деңгейдегі білім алушылардың  жарияланымдық белсенділігін қамтамасыз ету үшін редакциялық-баспа қызметін көрсету.

Университеттің ғылыми экожүйесін қалыптастыру шеңберіндегі Ғылым және коммерцияландыру басқармасының негізгі міндеттері:

  • университеттің миссиясы мен көзқарасы аясында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті бағыттары бойынша кафедралар мен ғылыми бөлімшелерде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру;
  • мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын гранттық, бағдарламалық-нысаналы және базалық жобалар есебінен мемлекет пен өңір экономикасының нақты секторына енгізу және коммерцияландыру үшін нәтижелі ғылыми-теориялық және ізденіс зерттеулерінің қолданбалы кезеңге өтуін қамтамасыз ету;
  • ғылыми және өндірістік қызметті интеграциялау үшін жағдайлар жасау, оның ішінде шаруашылық шарттар жасасу арқылы білім беруде, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибелік қолдануға және енгізуге жәрдемдесу;
  • магистратура, докторантурада ҒЗЖ-ын ғылыми-әдістемелік, нормативтік-ақпараттық және ұйымдастырушылық-консультациялық қамтамасыз ету және сүйемелдеу;
  • Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің ПОҚ, докторанттар, магистранттар мен студенттердің ҒЖ ұйымдастыру және үйлестіру;
  • тұрақты негізде магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын (отандық және шетелдік) ұйымдастыру және сүйемелдеу;
  • «Байтұрсынұлы оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын дайындау және өткізу, факультет, институт және кафедралық деңгейдегі конференцияларды, ғылыми-практикалық семинарлар мен басқа да іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу.