Жобаның атауы: АР 09561968А. Байтұрсынұлының ауылдық мектептердегі ағартушылық және қоғамдық қызметі (жаңа архивтік деректер мен өлкетанушылық мағлұматтар, тұлғаның тыңнан табылған шығармалары негізінде).
Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есеп
217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасының 102 «Ғылыми зерттеуді гранттық қаржыландыру» кіші бағдарламасының «Гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер: Жеті қырлы Ұлы дала: мұра және тарихи қоғамның рухани жаңғыруы» бағыты
Зерттеу нысанасы - А.Байтұрсынұлының ауылдық мектептердегі ағартушылық және қоғамдық қызметін жаңа архивтік деректер мен өлкетанушылық мағлұматтар және оның тыңнан табылған тындылары негізінде зерттеу
Жобаның мақсаты - Бестамақ болысынан басталып, Қарқаралыға ұласқан ауылдық мектептердегі алғашқы педагогикалық-ұстаздық кезеңін хронологиялық тұрғыдан талдау, оны сол кездің дәуір шындығымен, замандастар ортасымен, қазақ даласындағы оқу-ағарту ісінің жай-күйі сипатымен кешенді түрде зерттеу және аталмыш кезеңнің кейінгі ғалымдық, оқытушылық қызметпен ізденістік-шығармашылық тұрғыда болған байланыстарын зерттеу
Зерттеу әдістері мен методологиясы. Жобада тарих, фольклористика, әдебиеттану ғылымдарында қалыптасқан жалпытеориялық танымдар қолданылып, зерттеу методологиясына отандық және ресейлік тарихшы ғалымдардың, сонымен қатар әдебиеттану, этнологияның жалпытеориялық пайымдары пайдаланылады. Теориялық талдауларға сипаттау, тарихи-салыстырмалы, типологиялық салыстыру әдістері т.б.қолданылады. Зерттеуден күтілетін нәтижелер мен жаңалықтар.Жобаны жүзеге асыру барысында ағартушы қайраткердің ғұмырнамасындағы бұрын-соңды белгісіз болған беймәлім архивтік деректер, өлкетанушылық сипаттағы тың мәліметтер, ағартушының қазақ халқының мәдени мұрасына, әлеуметтік жай-күйіне байланысты жазылған мерзімдік баспа беттеріндегі мақалаларының мазмұны ғылыми айналымға қосылады.
Зерттеудің нәтижелерінің қолданылуы. Жоба А.Байтұрсынұлының ұстаздық-ағартушылық ғұмырнамасының алғашқы кезеңіне жататын ауылдық мектептердегі (Бестамақ-Қарқаралы) педагогикалық қызметінің қыр-сырын, дәуір шындығы мен замандастар қатарын, қазақ даласындағы оқу-білім жүйесінің тарихын ашуға және аталмыш кезеңнің қайраткердің кейінгі ғалымдық, оқытушылық қызметімен ізденістік-шығармашылық тұрғыда болған байланыстарды ашу сынды зерттеулерге қолданылады.
Зерттеу қорытындыларын пайдалану. Жобалық зерттеудің қорытындысы Ұлы Даланың тарихи-рухани мұрасын зерттеушілердің дерекнамалық базасының өлкетанушылық компонетін арттыруға және «Рухани жаңғыру» бағдарламысынның өзегі болып табылатын ұлттық код пен тарихи сананы қалыптастыру бағытына пайдалануға және Ахметану, Алаштану ғалымдардың қазақ даласындағы оқу-ағарту ісіне, қазақ зиялылары жол салған ағартушылық бағытқа терең назар аударуға жол ашады. Зерттеуден алынған нәтижелерді Ахметтану, педагогика, Отан тарихы, қазақ фольклоры мен әдебиетіне қатысты зерттеу жұмыстарына, ұлттың дүниетанымы мен руханиятын тану ізденістеріне пайдаланылады.
Зерттеу қорытындыларын гуманитарлық мамандықтар бойынша баклавриат пен магистартура, докторантурада жүргізілетін педагогика, әдебиеттану, өлкетанушылық элективті курстарда қолданылады.
А.Байтұрсынұлының ауылдық мектептердегі ұстаздық қызметін талдау, зерделеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Орынбор, Томск, Ақтөбе, Алматы, Қостанай қалаларының архивтік құжаттары зерделенді, сондай-ақ Алматы, Орынбор, Ақтөбе, Нұр-сұлтан қалаларының кітапханаларында іргелі ғылыми еңбектер мен құжаттар талданып, қажетті материалдар жинақталды.Ұлттық кітапхананың Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында жұмыс жасалып, А.Байтұрсыновтың кириллицамен қайта басылып шыққан еңбектері зерттеліп, талданды.
Күнтізбелік жоспар бойынша қараша-желтоқсан айларына ZOOM платформасында жоспарланған «Торғай ағартушылық мектебі және А.Байтұрсынұлы» атты дөңгелек үстел мен «Бестамақ-Қарқаралы» кезеңі: қарапайым мұғалімнен қоғам қайраткеріне дейін» атты ашық дәріс өткізілу күн тәртібінен түскен жоқ. Желтоқсан айында дәстүрлі түрде өтетін «Алдамжар оқулары-2021» (Қостанай) Халықаралық конференциясында баяндама жасау белгіленіп отыр.
Жоба аясында мынадай ғылыми басылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды:
- Жоба тобының мүшелері А.Әбсадық пен Ж.Арықбаева «Орыс тілді білім жүйесіндегі ауыл мектептері және Ахмет Байтұрсынұлы» деген тақырыптағы мақаласы «Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағында жарияланды
- kz порталында жоба жетекшісі А.Әбсадықтың Abai.kz порталында (11.06.2021ж.) «А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының үстінен домалақ арыз жазған кімдер?» атты мақала жарияланды: https://abai.kz/post/134896.
- Аталмыш мақаланың жалғасы Abai.kz порталында 2021 жылдың 22 маусымында «А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының үстінен домалақ арыз жазған кімдер? (жалғасы)» деген атаумен жарияланды: https://abai.kz/post/135310
- kz порталында 2021 жылдың 14 шілдесінде А.Әбсадықтың Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметін талдауға құрылған «Алтынсарин бедерленген бір суреттің сыры» (14.07.2021 ж.) атты мақаласы жарияланды: https://abai.kz/post/136597
- 2021жылдың 20 қазанында А.Әбсадықтың Abai.kz порталында «Ахмет Байтұрсынұлының Қостанайда жазылған қолжазбасы табылды» атты мақаласы жарық көрді: https://abai.kz/post/141284
- А.Әбсадық тарапынан Түрік Академиясы мен ҚР Чехиядағы елшілігі бірлесіп Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай чех тілінде шығарғалы жатқан «Ұлт ұстазы және Алаш тағылымы» атты жинаққа «Ахмет Байтұрсынұлы - халық мұғалімі» атты мақала дайындалып, ұсынылды.
- А.Әбсадық пен А.Хасенова бірлесіп дайындаған «А.Байтұрсынұлы және Қостанайдағы педагогикалық класс» атты мақала Л.Н. Гумилнв атындағы Еуразия университетінде дәстүрлі түрде өтетін «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» Халықаралық конференциясына ұсынылды.
- А.Әбсадық, Ж.Арықбаева, З.Қабылдинов бірлесіп жазған «А.Васильевтің Исторический очерк русского образование в Тургайской области» атты ңбегінің тарихи деректік және танымдық маңызы атты 2 бөлімнен тұратын мақаласы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын тізімге енген «Отан тарихы» журналына қабылданды.
- Жоба мүшелерінің бірлесіп дайындаған «А.Байтұрсынұылының ауылдық мектептердегі ағартушылық қызметі» атты мақаласы СКОПУС базасына кіретін ресейлік «Былые годы» журналының 2022 жылдың 1 кварталында шығатын номерге жоспарланып отыр.
Жоба атқарушылар
- Жоба жетекшісі - А.Әбсадық, фил.ғыл.докторы
- Ғылыми қызметкер - А.Арықбаева, филология магистры
- Кіші ғылыми қызметкер - А. Хасенова, магистрант